Мәжіліс депутаты жетім балаларға депозит ашты Избранное

Пятница, 08 Февраль 2019 04:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 333 раз

Шымкентте іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының президиум мүшесі Майра Айсина балалар үйінің тәрбиеленушілеріне депозит ашып, алғашқы салым ретінде үш балаға қаржылай сыйлық үлестірді.

DSC00500

Халық қалаулысы Сайрам тұрғын алабындағы №4 балалар үйіне ат басын бұрып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайымен танысты.
Депутат тәрбиеленушілермен ашық сұхбат құрып, өз құқықтары мен міндеттері жайлы сұрады. Жастардың болашағын жоспарлау жолында өз атына ашылған банк есеп-шотын қадағалап отыруын ескертті. Осы ретте оқуда озат үш тәрбиеленушіге банктен депозит ашып, алғашқы салым ретінде қаржылай қайырымдылық жасады. Бұл қаражат балалардың есеп-шотында мемлекеттік және банк тағайындаған сыйақымен өсіп отырмақ.

– Тек ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар емес, әр баланың болашағын құруға қаржылай қор болу керек. Бұл олардың жоғары оқу орнында тегін білім алуына немесе басқа да қажеттіліктеріне жиналатын қаржы көзі. Баршаңызды осындай игі іс жасауға шақырамын, - деді М.Арапқызы.
Ал балалар қонақтарға өнерлерін көрсетті. №4 балалар үйінің ұжымы халық қалаулысына алғыс айтып, құрметпен шығарып салды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.