2018 жылы Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 133 млрд теңгені құрады

Вторник, 12 Февраль 2019 11:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1763 раз

Өткен жылдың желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теңгеден астам жарна түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына, 1 жыл 6 айға дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады.

Оның ішінде 124,3 млрд теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

 

 

А. БЕДЕН, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімінің басшысы

                                                         

А. НУРЛЫБАЕВ, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері

Последнее изменение Вторник, 12 Февраль 2019 11:46
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.