Версия для печати

Шымкентте әлеуметтік қолдау кеңейе түспек Избранное

Вторник, 12 Февраль 2019 15:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3636 раз
Оцените материал
(0 голосов)

билисбеков– Мемлекет басшысы айқындап берген әлеуметтік жаңғыру мәселесі халықтың қоғамдық деңгейін көтеруге ғана емес, сондай-ақ бүгінде аса маңызға ие – елге көмек көрсету мен демеу болуға адам факторына, адам капиталына бағытталып отыр. Бұл қуантарлық жағдай. Алдағы онжылдықтағы ел азаматтарының өмір сүру сапасының жаңа стандарттарына қол жеткізуге бағытталған Әлеуметтік саясатқа көшу мәселесі жан-жақты зерделеген және ауқымды стратегиялық бағыттардан тұрады. Ол бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін шешуде оң ықпалын тигізері анық. Бағдарламалық құжат мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге ғана емес, барлық қазақстандықтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталатын тиімді және жаңа әлеуметтік саясатты іске асырады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейінгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, жан-жақты білім алуына, табысын арттырып, кәсібін ашуға, баспаналы болуына және жұмыспен қамтылуына баса мән берді. Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мысалы, қалада 77 692 зейнеткер болса, оның 59-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, ҰСО ардагерлеріне теңестірілген зейнеткерлер – 1 894 , тыл еңбеккерлерінің саны – 4 440, сондай-ақ 31 008-і көпбалалы ана бар. Қоғамдағы осындай санаттағы азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан көмек пен қамқорлық аз емес. Айталық, жергілікті бюджет есебінен 2019 жылға 3 500 ардагер мен зейнеткерге емдік-сауықтыру шаралары үшін қаржы қаралған. Сондай-ақ, бұған дейін 4000-нан астам ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері, зейнеткерлер мен Батыр аналарға «Ардагерлер үйі», «Мейір», «Денсаулық», «Ақсу-Жабағылы», «Ақсу демі», «Біркөлік» шипажайларына жолдама берілді.

Жұмағали БІЛІСБЕКОВ,

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.