Алғыс айту күні апта бойы жалғасады Избранное

Среда, 27 Февраль 2019 04:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3612 раз

1 наурыз – Алғыс айту күні биыл Шымкент қаласында өзіндік ерекшелігімен аталып өтіледі. Жаңа мазмұндағы мерекелік іс-шаралар 22 ақпаннан 1 наурызға дейін, апта бойы жалғасады.

DSC 4673

– Алғыс айту мерекесі биыл апталық болып ұйымдастырылады, 7 күн «Тазалық», «Көршіге ізет», «Ұстазға құрмет», «Тарихқа тағзым», «Ықылас», «Тарихқа тағзым» деген дербес атауға ие болып, тарихты түгендеу, дәстүрді даралау арқылы елді біріктіруге үндейді.

Бұдан бөлек, кітапханаларда көрме ұйымдастырылады, жас буын өкілдерін ұлттық қолөнерге баулу және «Қуатты елдің қуатты азаматтары» атты жаңа жобасы іске асырылады.

«Балаларға арналған қазақ ертегілері мен аңыздары» жобасы бойынша шағын кітапшаларды кітапхана мен мектептерге таратамыз, – деді Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов.

Шымкенттіктерге сыбаға үлестірілді

Мереке қайырымдылық күнімен басталып, оның аясында «Сыбаға» іс-шарасы өтті. Бұл күні ҚХА ассамблеясы және түрік этно-мәдени бірлестігі бірлесіп, 40 отбасыға сыбаға үлестірді.

DSC 4862

Жеті түрлі азық-түлікпен толықтырылған сыбаға қазақтың ұлттық дәстүрін жаңғырту арқылы қадірлі қарияларға, аналарға, ардагер-қарияларға және жас отбасыларға ұсынылып, ел болып құрмет көрсетті. Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов қазақ халқының ежелден келе жатқан сыбағасының қадір-қасиетіне жыр арнады.

Ал қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев және қалалық түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов игі дәстүрдің қадір-қасиетіне тоқтап, елді берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа жетейлейтін мерекемен құттықтады.

Халқымыздың дәстүрі негізінде елдің берекелі бірлігін сақтап, ынтымағын арттыруды көздейтін мұндай іс-шаралар қаланың барлық аудандары мен тұрғын алаптарында ұйымдастырылды.

Тазалық – жақсылықтың бастауы

Мерекелік апталықтың екінші күні - Тазалық күнімен жалғасты. Қошқар ата өзенінің бойында өткен жалпыхалықтық сенбілікке этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Игі іс-шарадан шаһар тұрғындары да шет қалмады.

ҚХА   Сенбілік 2

– Күн санап көркейіп келе жатқан қаламыздың таза, әдемі болуына және көркеюіне үлес қосу әр тұрғынның парызы деп санаймын. Тазалық күні аясында өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қолымызға сыпырғы мен тырма алып, көпшілік демалатын қасиетті орында тазалық жұмысын жүргіздік.

Бірге сәндік ағаш көшеттерін отырғыздық. Бұлі шараның тазалықпен қатар халықты ынтымаққа үндейтін мән-маңызы зор екенін де ерекше айтқым келеді, - деді сенбілікке қатысқан қалалық ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Гузаль Темірова.

Тазалық жұмыстары қаланың барлық аудандарында, тұрғын алаптарда, шағын аудандарда ұйымдастырылып, көктемдегі көгалдандыруға дайындық осы күннен басталды.

Қонақжайлылық – бабалардан қалған қасиет

Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында басталған апталықтың үшінші күні Шымкентте «Көршіге ізет» атауымен жалғасты. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы өзбек этно-мәдени бірлестігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында тағылымды жиын өткізді. Осы тұрғын алаптың белсенді азаматтары мұндай басқасуды қатарынан екінші жыл ұйымдастырып отыр.

Жиында өзбек ағайындар көрші Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу, Тассай, Мәртөбе, Тоғыс, Бадам, Қарабастау тұрғын алаптарының қарияларын, абыройлы азаматтарын сыйлы қонақ ретінде шақырып, ізетін көрсетті. Әрі мерекелік жиында жергілікті этнос өкілдері Қазақ еліне деген ақеділ алғысын білдірді.

Игі іс-шарада Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов көпшілікті мерекемен құттықтап, елдің бірлігі, этносаралық татулықты сақтаудың маңызына тоқталды.

– Биыл елімізде төртінші рет өткелі отырған Алғыс айту күнінің маңызы зор. Бұл мереке елімізде тыныштықты сақтауды, бірлікті бекемдеуді көздейді. Ынтымақ-бірлік жарасым тапса ғана еліміз өркендейді. Мұндай іс-шара көршілер арасында өзара түсіністік пен құрметті қалыптастырады, – деді Мұратәлі Оразалыұлы.

Мерекелік басқосуда Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, мемлекет және қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев, Розақұл Халмұрадов, Шалатай Мырзахметов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай құттықтау тілегін айтып, ынтымақ, бірліктің маңызы жөнінде мағыналы әңгіме өрбітті.

Абзал азаматтар татулық пен бауырмалдық, ізгілік жайында жүрекжарды тілегін жеткізді. Яғни ұлы дала төсін мекендеген түрік халықтары әркез қонақжайлылығынан танбаған. Қонақжайлылық – біздің бабаларымыздан қалған асыл қасиет.
Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары, түрлі этно-мәдени бірлестіктің басшылары елдегі берекелі бірлікті сақтау жайлы сөз қозғады.

Халқымыздың ерекше қасиеттері болып танылған өзара түсіністікті, көршіге ізетті, туған ел мен жерге құрметті, сөз қадірін ұғуды, қонақжайлылықты дәріптеуге бағытталған осы секілді іс-шаралар қаланың барлық аумағында өтті. Онда тұрғындар көршілер арасындағы сыйластық пен ауызбіршілікті және көршіні құрметтеу туралы насихаттады.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қанатының астына 16 этно-мәдени бірлестік, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ пен Медиация кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, «Жаңғыру» жастар қозғалысы мен жоғары және арнаулы оқу орындары жанындағы 38 достық клубы біріккен.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ,
Тағабай ҚАСЫМ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.