Әлеуметті әлеуметтік қолдау – басты назарда Избранное

Пятница, 01 Март 2019 03:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1950 раз

Ғани ТАШҚАРАЕВ, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Ғани Ташқараев

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезі Қазақстан өз дамуында жаңа белді белеске қадам басқанын аңғартты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенетінін атап өтті. Қазақстандық қарапайым отбасылар Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың жемісін көріп отыр деп нақты айта аламын. Мемлекет азаматтарымыз үшін барлық жағдайды жасап, қолайлы орта қалыптастыруға аянып жатқан жоқ.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Елбасы әр қазақстандық отбасы жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін бүгіннен бастап көруі тиіс деді. Бұл бағытта аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің көлем критерийін өмір сүру шегі көлемінің 70 пайызына жеткізу тапсырылды. Яғни, оның көлемі биыл 20789 теңгені құрамақ.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған көпбалалы отбасылардағы әр балаға 20789 теңге көлемінде төленбек. Оған қоса атаулы әлеуметтік көмек тағайындау процедуралары мейлінше жеңілдетіледі. Осылайша 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылар саны 830 мың адамды құрайтын болады, оның ішінде 550 мыңға жуығы – балалар.

Мүгедек балалары бар ата-аналарға, отбасыларға, асырап алушыларға төленетін жәрдемақы көлемі 30 пайызға артпақ. Бұл қазақстандық отбасыларды әлеуметтік қолдаудың теңдессіз тәжірибесі деп білемін. Бұл бастамалар әр отбасының болашағына нақты сеніммен, үлкен үмітпен қарауына негіз болары анық.

Последнее изменение Пятница, 01 Март 2019 05:28
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.