Жаһандану үрдісіндегі тіл үйрету

Пятница, 01 Март 2019 04:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2352 раз

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мен химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірге «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» атты аймақтық семинар-тренинг өткізді.

NIS-5

Ұйымдастырушылар мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын іске асыру, сандық жүйеге көшуге байланысты Google базасында жұмыс жасаудың оңтайлы тәсілдері және оны оқыту курстарында қолданудың артықшылықтары, сондай-ақ, тіл оқытудың жаңа технологияларын меңгеру және қолдану жиілігін анықтауды көздеген.

Еліміздің түрлі облыстарының тіл орталықтарынан келген қатысушылар алдымен НЗМ аралап, мектеппен танысты. Ал семинарға қалалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Н.Жұманова мен Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Б.Қасымов та қатысты. Қазақ, орыс және ағылшын тілі секцияларына бөлінген семинарға «Сапа» оқыту орталығының және «Interpress» халықаралық тілдер орталығының оқытушылары да қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.