Версия для печати

Экспорт жөніндегі кеңес құрылды Избранное

Среда, 06 Март 2019 04:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2587 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясында қала мәслихатының депутаттары бірқатар шешімдер қабылдады.

DSC 7261

Депутат Мұхтар Битеміровтың төрағалығымен өткен сессия жиынына қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев және әкімдік қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Шымкентте жаңадан Тексеру комиссиясы құрылып, мәслихаттың алдыңғы кезекті 42-сессиясында бұл комиссияның ережесі бекітілген еді. Тексеру комиссиясының төрағасы болып Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы қызметін атқарған Нұржан Нәлібаев тағайындалды.

Сонымен қатар, сессияның күн тәртібіне сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Экспорт жөніндегі кеңес құрылып, оның дербес құрамы бекітілді. Бұл кеңес өңірлік деңгейдегі экспортты арттыру және ілгерілету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында, қаланың экспортын дамытуға тосқауыл жасайтын жергілікті деңгейдегі кедергілерді, шектеулер мен бөгеттерді шешу мақсатында құрылды.

Экспорт жөніндегі өңірлік кеңес төрағасы болып Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімінің орынбасары Данат Жумин Экспорт кеңесі төрағасының орынбасары және кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нүркен Бигулиев кеңес хатшысы болып бекітілді.

Бұл мәселелер алдымен мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында және «Нұр Отан» партиясының фракциясында қаралған.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.