Версия для печати

Қала тұрғындарына мемлекеттік қолдау жалғасады Избранное

Среда, 06 Март 2019 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2806 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті ХХVІІІ съезі өткені белгілі. Онда халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.

Әсіресе, Елбасы көпбалалы отбасылардың және халықтың әлсіз топтарын қолдау, оларға баспана беру, бюджеттік салада табысы аз қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға көтеру, жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту, инженерлік инфрақұрылым мәселелерін шешуді тапсырды.

54345345

Көпбалалы отбасылар – Үкімет қамқорлығында

Осы орайда, бүгінгі таңда Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан бірқатар жоспарлар қолға алынып жатыр. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, ол жоспар аясында биылғы негізгі жұмыс қала халқының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталады.

Көпбалалы және халықтың әлсіз топтарын қолдауға тоқталсақ, Елбасы кедейшілік шегін 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін көтерді. Бұл дегеніміз күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды (бұрын 50%).

Нәтижесінде, бүгінгі таңда қаламыздағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасы саны 10 мыңнан 20 мыңға дейін ұлғаяды. Оларға әр балаға 18 жасқа толғанға дейін және 23 жасқа дейінгі студенттерге 20 789 теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленеді.

– Көпбалалы отбасыларға және бала кезінен мүгедектігі бойынша алынатын жәрдемақылар, шәкіртақы отбасылық кіріске енгізілмейтін болды. Жоғарыда аталған өзгерістер биылғы 1 шілдеден қолданысқа енеді.

Сондай-ақ, республика бойынша әлеуметтік көмек түрлерін цифрландыру мақсатында «Е-халық» базасы енгізіледі. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының отбасылық әлеуметтік картасын жасақтауға мүмкіндік береді, – дейді Г. Құрманбекова.

20190212185430

Жағдайы төмен 1289 отбасыға көмек көрсетіледі

Тағы бір атап өтерлігі, бүгінде Шымкентте әкімдік тарапынан «Жастар және әйелдер кәсіпкерлігін» дамыту бойынша 3 жылдық жол картасы әзірленді.

Оның ішінде жеңілдетілген несие, өндірістік және бизнес орындарын беру, электрондық сауданы қаржыландыру және франчайзингті дамыту шаралары қарастырылған. Одан бөлек, биыл қаламызда бірнеше әлеуметтік жобаларды іске асыруды жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, аға буын өкілдерінің уақытын тиімді өткізу үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын ашу жоспарлануда. Ол жерде спортпен шұғылдану, шахмат, компьютерлік сауаттылығын ашу, құқықтық және психологиялық қызметтер көрсетілетін болады.

Көпбалалы аналарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Аналар орталығы» ашылуда. Ол жерде психологиялық және құқықтық, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер бойынша қызмет көрсетіледі.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық іс-шараларын реттейтін «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық электронды порталы іске асырылады. Аталған әлеуметтік портал мамыр айынан бастап іске қосылу жоспарлануда. Жыл соңына дейін жағдайы өте төмен 1289 отбасыға көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру үшін «Ел-Көмек» әлеуметтік порталы енгізілуде (мобильдік қосымша). Бұл өз кезегінде әлеуметтік төлемдер, зейнеткерлерге санаторлы-курорттық емделуге, мүгедектерге берілетін құралдар және «Инва такси», «Әлеуметтік таксиді» онлайн режимде шақыруға болады.

Шымкентте биыл 14 арендалық үй пайдалануға берілмек

Қазіргі таңда Шымкенттегі Жұмыспен қамту орталығында көп балалы аналар, аз қамтылған азаматтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша цифрлық кабинетте тегін оқытылуда.

Әрине, бүгінде шымкенттіктер үшін баспана мәселесі өте өзекті. Биыл қалада 4 524 пәтерлі 81 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 828 пәтерлі 14 арендалық тұрғын үйді биыл пайдалануға беруге жоспарлануда. Одан бөлек, қазіргі таңда 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы дайын.

– Осы үйлерден әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы азаматтарға және жас отбасыларға пәтер беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Үкіметте полиция, педагогтар, дәрігерлер және басқа қызметшілер үшін «7-20-25» бағдарламасы аясында бастапқы жарналарын субсидиялау тетіктері қарастырылуда.

Жобада әлеуметтік көмек алатын азаматтарға 1 млн теңгеге дейін қайтарымсыз негізінде сертификат беру қарастырылған, ал бюджеттік кредиттер 0,01 пайызбен 15 жылға дейін 1 млн теңге несие беру қаралған, – дейді қала әкімінің орынбасары
Г. Құрманбекова.

Елбасы айқындап берген маңызды тапсырманың бірі – бюджеттік салада табысы аз қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға көтеру. Бұл бойынша қазіргі таңда қалада бюджеттен қаржыландырылатын 42 мыңнан астам қызметкер бар. Оның ішінде 22 мыңнан астам қызметкердің айлығы 30 пайызға көбейтіледі.

Елбасының тапсырмасымен қазір Шымкентте мемлекет тарапынан қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді оң шешуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету, тарифтерді шектеу, ең төменгі жалақы көлемін өсіру, медициналық қызмет сапасын арттыру және тағы басқа да нақты мәселелерге тиісті назар аударылуда. Бүгінде сол бағыттар бойынша мемлекеттік органдар жүйелі жұмыс жүргізуде.

Последнее изменение Среда, 06 Март 2019 05:08
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.