Жерге орналастырушылардың кәсіби мерекесі

Среда, 06 Март 2019 06:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2642 раз

Қазақстанда наурыз айының екінші сенбісі күні жерге орналастырушы, картография және геодезия саласы мамандарының кәсіби мерекесі атап өтіледі. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалында мерекеге орай салтанатты жиын өтті.

ЦОН

 

 

– Жер - мемлекеттің ерекше қорғалуы кезінде негізгі ұлттық байлық. Сондықтар бұл салада еңбек ететін мамандарға жүктелетін жауапкершілік жоғары. Мемлекеттік корпорацияда осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген мамандар жетерлік. Бүгінгі мереке сол кісілердің еңбегін елеп, бағасын көтеретін күн. Тәжірибелі мамандар еңбек жолында ізбасар шәкірт баулып келеді.

 

Бүгінде бұл саладағы жұмыс үдерісіне заманауи технология мен жаңашылдықтар енгізіліп, өнімділік артып келеді. Мемлекеттік қызметтер цифрлы форматқа өтіп, көрсетілетін уақыты қысқарды. Корпорация қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сәтті жобалар мен ұтымды шешімдер, тамаша идеялар тілеймін, - дейді филиал директоры орынбасары Еркебұлан Алсейітов.

 

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішіне жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша қызметтер бар.

 

Последнее изменение Среда, 06 Март 2019 06:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.