Мерекеде 57 сәби дүние есігін ашты Избранное

Среда, 13 Март 2019 04:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 190 раз

Халықаралық әйелдер мерекесі күні Шымкентте 57 сәби дүниеге келді. Қалалық перинаталды орталықтың әкімшілігі мейрам күні өмірге ұрпақ әкелген аналарды құттықтады.

57 саби

Олардың әрбіріне гүл сыйлап, нәрестелерге қажетті бұйымдар тарту етті. Балаларын құшағына басқан аналар бақытты. Құттықтаулармен қоса сый-сыяпатқа да бөленіп қалды.

Айта кетейік, мереке күні 31 қыз бала, 26 ұл бала туылған. Бұл күні өмірге ұрпақ әкелген аналар мегополисте ғана емес, еліміздің демографиясына қомақты үлес қосқаны ақиқат. Олардың арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің қатарын арттырғандар да бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.