Ұлт жоспары 5 реформа және жаңа кезеңнің талабы.

Среда, 13 Март 2019 05:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2382 раз

Ел Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарынан көрінуі үшін Ұлт жоспарын құрып, онда атқарылған жұмыстың 100 қадамын нақтылады. Оның алғашқы бөлімі мемлекеттік аппаратты құруға арналған.

«100 қадамда» дамыған елдердің тәжірибесінен үлгі ала отырып, мемлекеттік қызмет саласына жаңа реформа жасалады.   Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдері жаңғыртылды.   Мемлекеттік қызметшілер еңбек жолын төменгі   лауазымнан бастайды. Өзінің жұмысын бүге-шүгесіне дейін меңгеруі үшін бұл аса қажет. Халықпен жұмыс жасаудың жөн жобасын үйренеді. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданып жатқандар үшін үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді. Қызметте іскерлік қабілетін көрсете алса ғана олардың лауазымы жоғарлайды. Бұл мемлекеттік қызметтегі калр саясатының ашықтығын қамтамасыз етедң.

Мемлекет басшысы белгілеген «100 қадамдағы» бесінші реформа шеңберінде Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру қажеттігі атап көрсетілген. Бұл қоғам ман мамлекетті жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруге бағытталған түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. Осыған орай, экономикамен қоғамды дамытуға бағытталған бірнеше заңнамаға өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, қабылданды. Осы ретте Ұлт Жоспары шеңберінде Әділет органдарына маңызды жауапкершілік жүктеп отыр. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық инликаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік берілетіні нақтыланған.

Сондай-ақ, Әділет органдарына қатысты ҚР-ның бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2016 жылғы 29 наурыздағы ҚР-ның «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, ҚР-ның «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 23 бабының 1 тармағына, яғни жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу   өтініші келіп түскен сәттен бастап «бес жұмыс күні» дегеннің орнына «үш жұмыс күні» деп өзгертілген.

Қазіргі таңда орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында жеке кәсіпкерлік субьектілері үшін Жарғыны ұсыну туралы талап жойылды, сонымен қатар тіркеу туралы куәлігі берілмейді. Тіркеу туралы электорнды анықтаманы ХҚКО арқылы алуға болады.

Осы аталған заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар халыққа тиімді, қолайлы болуына бағытталған.

Азаматтардың құжаттары «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылуы зайырлы елімізде сыбайлас жемқорлықтын болмауына қызмет атқаратыны анық.

Ұлт Жоспары іске асыруды қолға алып, халықтың алдында Әділет органында деген сенімін арттыру басқарманың басты мақсаты болмақ.

 

Шохаева Феруза Нұрлыханқызы

Ордабасы аудандық әділет

басқармасының бас маманы,

«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ,

Түркістан облысы филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.