Шуақ сыйлаған Шаттық күні

Среда, 20 Март 2019 04:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4115 раз

Шымкенттіктер Шаттық күнін атап өтті. Арбатта өткен мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Данат Жумин, қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Жандос Қалтаев қатысты.

DSC 0253

Мерекелік іс-шарада қазақтың киіз үйі тігіліп, ұлттық тағамдары әзірленді. Қонақтарға қымыз, шұбат, қымыран сынды ұлттық сусындармен қатар Наурыз көже таратылды. «Домбыра Party» да мерекенің көркін аша түсті. Мұнда қазақтың дәстүрлі әуендері шырқалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шаттық күніне Өзбекстан мен Қырғызстаннан елген қонақтар да қатысты. Арбаттың ашық алаңшасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Бұған қоса жергілікті қолөнершілердің түрлі бұйымдары мен тәтті тағамдарының жәрмеңкесі өтті.

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.