Елбасы мен Астана – егіз ұғым

Четверг, 21 Март 2019 12:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3113 раз

Қазақстан дегенде – Астана, Астана дегенде Қазақстан атауы еске түседі. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Елорда атанған ел астанасы мемлекетіміздің брендіне айналды деуге болады. Ал сол брендтің атауы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

 

 

Жалпы, Астананы Елбасының жүзеге асқан идеясы деп атауға толық негіз бар. Тәуелсіз мемлекеттің жаңа астанасын таңдау бақыты Тұғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды.

Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы Елбасы «Еуразия жүрегінде» атты еңбек те жазды. Жалпы, Тәуелсіздік тарихындағы Астана қаласының маңызды оқиғалары Мемлекет басшысымен тікелей байланысты.

Елбасы 1994 жылы астананы көшіру туралы идеясын қайта жаңғыртты; 1996 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» тарихи қаулы қабылдады; 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола қаласын Қазақстан Республиксының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы қабылданды; 1998 жыл Астананың ресми тұсаукесер жылы болды; 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы атанды.

Еуразия жүрегінде орналасқан, жас әрі тәуелсіз мемлекеттің бас қаласына айналған Астана бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы.

Астана  - біздің ортақ шаңырағымыз.

Астана өзінің жаңа тарихында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отырған қала.

Астана қаласының жаңа тарихы –  бұл тәуелсіздік тарихы, бұл мемлекеттілік тарихы, бұл ұлттық тарих.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Елбасы мен Астана егіз ұғым болып қала бермек.

Ендеше, Қазақстан Президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласын Nursultan деп атау туралы ұсынысы қолдауға әбден лайық! Төлтуындысы болған Елорда Елбасының есімімен аталуын қолдаймын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.