Шымкент жастары Елорданың Нұр-Сұлтан қаласы деп аталуын қолдайды

Пятница, 22 Март 2019 08:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2134 раз

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Сіздің жетекшілігіңізбен еліміз бағындырған шыңдар жетерлік. Толайым табыстардың тізбегінде басты құндылығымыз – Тәуелсіздікке қол жетіп, ғаламның саяси картасында Қазақстан Республикасы деген алып мемлекет дүниеге келді.

 

Президенттік өкілеттілігіңізді тоқтату жөнінде саяси шешім қабылдағаныңыз біздерді, Қазақстан жастарын ерекше қимастық сезімге бөледі.

 

Біз, жастар, әрқашанда Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» дегендей, бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек.

 

Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, ел астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

 

Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенеміз!

 

Барша жұрттың ризашылығына бөленген Тұңғыш Президентімізге алғыс айта отырып, Елордамызға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешімді қолдаймыз.

 

 

Өзіңізге деген ізгі ниетпен, Шымкент қаласының жастары

Последнее изменение Пятница, 22 Март 2019 08:42
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.