«Қазагроном» ЖШС ұжымы: Нұр-Сұлтан қаласы – Қазақстанның бренді

Суббота, 23 Март 2019 10:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2150 раз

Кеңес дәуірінен тәуелсіздікке қадам басқан мемлекеттердің ішінде Қазақстанның озық тұруы, әлемде өзіндік орнын тауып, берекелі бірлікпен, саясаттағы жетістіктерімен өзгелерге үлгі болуы – елдің мәртебесін арттырып, мақтанышына айналды.

 

 

Мұның барлығы – Тұңғыш Президентіміз, елім-жерім деген, күн-түн демей қызмет еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі.

 

 

Нұрсұлтан Әбішұлы әу бастан экономикалық реформаларды жоғары қойды. Соның нәтижесінде қазір біз экономикасы қарқынды дамушы, халқының әл-ауқаты жасқарған мемлекеттердің қатарына қосылдық.

 

 

Елордамыздың Нұр-Сұлтан қаласы деп аталуына Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде өте ризамыз.

Елімізде бейбіт, азаматтық қоғамды құруымызға, барлық адамдардың лайықты өмір сүруіне, мемлекетіміздің халықаралық аренада беделді болуына жауапкершілікті мойнына алып, өзінің үлесін қосқан - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

 

Әлемде онға жуық мемлекеттің атауы - тарихи тұлғалардың есіміне берілген. Одан бөлек, тұлғалардың есімі берілген қалалар да бар. Біз еш жаңалық жасап отырған жоқпыз. Сондықтан әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде біздің де мемлекетіміздің айбары болған Елорданың Нұр-Сұлтан болып аталуы бізді шабыттандырады.

 

 

 

Құрметпен, «Қазагроном» ЖШС ұжымы

Последнее изменение Суббота, 23 Март 2019 10:48
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.