Елорда және Елбасы - Қазақстанның мақтанышы

Суббота, 23 Март 2019 10:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1713 раз

Біз әлемдік саяси кеңістікте қаншама елдің қырғи-қабақ соғысып, мемлекеттің құлдырауына, саяси бұтарланып, сынып кетуіне куә болған ұрпақпыз. Жаңа технология ғасыры десек те, саяси қақтығыстар дәуірі белең алған уақыттамыз.

 

Міне, осындай ғаламдық көріністерге көз тіге отырып, алпауыттардың арасында Қазақ елінің теңіздей тығырықтардан дін аман шығып, еңсе тіктеп келе жатқанына шүкірлік етпегенде қайтеміз.

 

Шынтуайтына келгенде, кейбір елдердің мемлекет басшысын ел ішінен аластатып, халқы арандап қалғанын да көзіміз көрді.

 

Соның ішінде Қазақ елінің абыройы асқақ болды, Жаратқанға тәубе. Сан-сапалақ сындардан сара жол тауып шыға білген біздің Тұңғыш Президентіміздің халқына сіңірген еңбегі өлшеусіз.

 

Кешегі күні өкілеттілігін өз еркімен тоқтата білуі де асқан сұңғыла саясаткерлік шешім. Халқының маңдайына біткен асыл да, қайраткер тұлғамыз Нұрсұлтан Әбішұлының есімін өзі іргесін бекем қалаған қалаға беру - өте орынды қадам.

 

Нұрсұлтан Әбішұлының есімі дүние жүзілік тарихта алтын әріптермен жазылатыны шүбәсіз. Сондықтан, ғасырда бір туылатын Тұңғыш Президентіміздің атымен астана атауын Нұрсұлтан деп атауға қолдауымызды білдіреміз.

 

Шымкент қаласының Жазушылар Одағы

Последнее изменение Суббота, 23 Март 2019 10:54
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.