Шынайы алғыстан басқа айтарымыз жоқ

Суббота, 23 Март 2019 10:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1898 раз

Қазақ елінің іргесі бекем болуына отыз жылға жуық тер төккен Тұңғыш Президентіміздің есімімен бас қаланың аталуы, расында, зор мақтаныш деп білеміз және бір ауыздан қолдаймыз.

 

Елбасының көреген, салиқалы саясаты қашанда біздің жүрегімізде. Нұрсұлтан Әбішұлынының ширек ғасырдан астам уақыт атқарған халық алдындағы қызметі – әлемдік деңгейдегі саясаттың үлгісі.

 

Халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге дамудың барлық сатысынан өтті. Қайта жаңғыру мен реформа лебі еліміздің барлық саласын, азаматтардың тұрмысын толық қамтыды.

 

Халықтың рухы, ой санасы жаңғырып, туған тіліміз, рухани құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз бен тарихи мәдениетіміз қайта оралды. Осындай әлем көз тіккен саяси сынақтардан сүрінбей өткен сарабдал саясаткеріміз – Нұрсұлтан Назараевқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

 

 

Құрметпен, Шымкент қаласы Үкіметтік емес ұйымдарының төрағалары

Последнее изменение Суббота, 23 Март 2019 11:36
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.