Шымкентте «Бас қалам - Нұр-Сұлтан» акциясы өтті

Понедельник, 25 Март 2019 12:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1950 раз

Шымкенттіктер ел астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп атауға осылайша қолдау көрсетті.

Үшінші мегаполистегі Арбат демалыс аймағында «Бас қаламыз - Нұр-Сұлтан» акциясы өтті. Бес мыңнан астам тұрғын жиналған мерекелік іс-шара барысында шымкенттік зиялы қауым өкілдері ел астанасы атауының өзгеруіне байланысты оң пікірлерін айтып, қолдау білдірді. Олар егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.

Мерекелік акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Онда Ернар Айдар, "Өркен" отбасылық квинтеті, Еркін Нұржанов пен Асыл Жандаулетовтер өнер көрсетті.

Последнее изменение Понедельник, 25 Март 2019 12:59
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.