Шымкентте Наурыз қалай өтті...

Среда, 27 Март 2019 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2763 раз

Үшінші мегаполис тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтті. Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар қалада бір апта бойы өтті.

DSC 1731-1

Алдымен 16 наурыз күні «Ұлы дала хикаялары» атты жылжымалы көрме ашылып, 17 наурыз күні Арбат алаңында жалпы халықтық мереке ұйымдастырылады. Мұнда қазақтың киіз үйі тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленеді.

Бұдан кейін Шымкенттің орталық даңғылдарымен 40 күймелік Наурыз керуені жүріп өтіп, қазақтың «Ақ бүрку» секілді ежелгі дәстүрі жаңғыртылды.

Тазалық шаралары да ұмыт қалмады. Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында қалада «Өткенге құрмет - елге міндет» атты мұсылман зират орындарын тазалау әрі абаттандыру шарасы өтті. Онда жамағат қорымдарды тазартып, тал-дарақты әктеді.

21 наурыз күні Шымкентті қақ жарып ағатын Қошқар ата өзені бойында өтетін «Қошқар ата сейілі» көктем фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге қала әкімі Ғ.Әбдірахымов бастаған ел ағалары қатысып, қазақтың салт-дәстүрлері көрініс тапты. Ал қала әкімі қос бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Бұл күні «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі де өтті.

DSC 2858

Ұлыстың ұлы күнінде мегаполистің барлық саябақтарында мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, көпшілік серуендер өтті.

Мерекенің ең ауқымды іс-шарасы Наурыз алаңында өтті. Мұнда киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды. Көпшілік қазақтың ұлттық спорттық ойындарының сайысы мен театрландырылған хореографиялық қойылым мен мерекелік концерт тамашалады.

Ал 23-24 наурыз күндері Шымкентте дәстүрге айналып келе жатқан Asyq aspan халықаралық фестивалі өтті. Онда Қазақстан, Украина, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Иран, Қытай, БАӘ және басқа да елдерден келген 11 команда әуе шарларын ұшырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік іс-шара концерттермен аяқталды.

55759870 557198834774173 5303253165573931008 n-2

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.