«Шымкент – адалдық алаңы» үш жобаны қамтиды Избранное

Пятница, 29 Март 2019 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5576 раз

Ұлт Көшбасшысы Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын кеңінен тарату қажеттігін белгіледі.

IMG 1976

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ азаматтардың өміріне қолайлы жағдай жасау.

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының ғимаратында «Open space» форматында орналасқан (Тәуке хан даңғылы, 3А).

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов жобалық кеңсенің кураторы мен со-кураторлары болып табылады.

Жобалық кеңсенің басшысы Ерасыл Төлебаев Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының аға оқытушысы, Шымкент қаласы бойынша болашақ түлектерінің төрағасы.

«Шымкент-адалдық алаңы» кеңсесінің құрамына түрлі қызмет салаларының өкілдері, атап айтқанда, Арнайы мониторингтік топ, «Nur Otan» партиясы, кәсіпкерлер палатасының, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, Ассамблея және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін қамтиды.

Шымкент қаласының жобалық кеңсесінің маңызды құралдарының бірі - қоғаммен және мемлекеттік органдармен белсенді ынтымақтастықта болу.

Жобалық кеңсе – сыбайлас жемқорлық кең тараған және әлеуметтік маңызды салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдардың «қайта жүктелуі».

Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.