НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ Избранное

Пятница, 29 Март 2019 04:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3246 раз

Елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгертумен бірге еліміздің бас қаласының, оның дамуының жаңа кезеңі басталады әрі бұл тарихи шешім біздің жас астананың дамуына жаңа жол ашады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдау форумында айтылды.

DSC 4665

Форумға қатысушылар алдымен 27 наурызда Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан 13 азаматты бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мəжілісті «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізді. Жиынға саяси кеңес мүшелері, Шымкент қаласы мəслихатының депутаттары, БПҰ төрағалары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, қалалық партия қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

– Нұр-Сұлтан шаһары – біздің жалпыұлттық мақтанышымыз. Елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгертумен бірге еліміздің бас қаласының, оның дамуының жаңа кезеңі басталады.

Бұл тарихи шешім біздің жас елорданың дамуына жаңа жол ашады әрі Тұңғыш Президентімізге деген зор құрмет. Біз осы шешімді қолдауға тиіспіз. Елбасы Қазақстанда бейбітшілік және ұлтаралық келісім моделін қалыптастырды, ол әлемнің көптеген елдері үшін үлгі, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Жиында «Nur Otan» партиясы кезекті ХVІІІ съезінің делегаты Мейірбек Күшенов, А.Пушкин атындағы №1 мектептің биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьева, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Біржан Байтуов сөз алып, тәуелсіз Қазақстан мен жас астананың дамуына Елбасының қосқан үлесін атап өтті.

– Елорданың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси еркіндігі мен зор еңбегінің арқасында бойы көтергенін жақсы білеміз. Біз, әсіресе, жастар бүгінде елордамызбен мақтанамыз. Елордамыздың, жалпы Қазақ елінің көркеюіне Елбасының қосқан үлесі ерекше.

Мәселен, Н.Назарбаев шекарамызды шегендеп тұрып бекітті. Біз түгілі алпауыт империялар Қытай мен Ресейдің арасындағы шекаралар толық бекімегенін ескерсек, Елбасымыздың бұл еңбегінің өлшемі жоқ деуге болады.

Бұдан бөлек, елге жасаған жақсылығы ұшан-теңіз. Абылай армандаған астанамызды, яғни Сарыарқаның қақ төрінен бес құрлыққа ұялмай көрсете алатындай ғажайып шаһар салып берді. Біз бұл бақытты бағалай білуіміз керек, – деді Б. Байтуов.

Форум соңында үшінші мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың атынан арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.