ӘР балаға – 21 мың теңге: өтініштер қабылдана бастады Избранное

Среда, 03 Апрель 2019 04:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3026 раз

ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 21 мың теңге жәрдемақыға көп балалы отбасылар ғана емес, бір баласы бар аналар да іліге алады. «Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілуі шарт.

DSC 5161

Бұл – Президенттің тапсырмасы. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыда бір бала немесе екі бала болуы мүмкін ғой.

Ондай отбасылардың бір айлық табысы адам басына шаққанда 20 789 теңгеден (күнкөріс минимумның 70 пайызы) аспаса, бір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы тағайындалады», - делінген министрліктің түсініктемесінде.

Осы орайда мамандар бір баласы бар отбасына жаңа жәрдемақы төлеуге қатысты мысалды да келтірді. Мәселен, бір әйел жалғыз баласын асырап отыр. Ал оның бір айлық жалақысы 40 000 теңгені құрайды.

Осы ақшаны екі адамға бөлгенде тура 20 000 мыңнан келеді. Демек, отбасының бір айлық табысы адам басына шаққанда күнкөріс минимумның 70 пайызы - 20 789 теңгеден аспайды. Заң бойынша балаға 21 мың теңге жәрдемақы төленуі керек.

«Ал анасына 20 000 мен 20 789 теңгенің айырмашылығы төленеді. Сонда баланың жәрдемақысын қосқанда аталған отбасы ай сайын 22 мың теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмекті алып тұрады», - деп атап көрсетті мамандар.

Әр балаға 21 мың теңгеден берілетін жәрдемақыны алу үшін өтініштен басқа ешқандай құжаттар қажет емес. Оны жергілікті әкімдікке, халыққа қызмет көрсету орталығына немесе жұмыспен қамту орталығына тапсыруға болады.

Сонда жеке куәлікті көрсетіп, өтініште отбасының барлық мүшелерін жазып шығу қажет.

Бір үйдің табысы есептелгенде тек жақын туыстардың бір айда табатын ақшасы ғана ескеріледі. Олардың ішінде ата-аналар, балалар, әкесі бір, шешесі бөлек ағайындар, ата-әжелер бар.

Бұл дегеніміз, осы адамдар бірге тұрса, олардың табысы бір отбасының кірісі ретінде саналады. Қосалқы шаруашылық та кірістің көзі болып есептеледі. Алайда басқа әлеуметтік төлемдер есепке алынбайды.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.