Қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы

Среда, 27 Март 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3604 раз

20170614202531

Әлемде қан құюға жыл сайын миллиардтаған адам мұқтаж болады. Қазіргі таңда республика бойынша қан қызметі саласында жұмыс жасайтын жиырмаға жуық орталық бар.

Қан күйiкке шалдыққандарға және жарақаттанғандарға керек болады. Күрделi операциялардың өткiзу кезінде, ауыр босануларда қан құйылады. Ал гемофилиямен және қаны аздықтың ауруына шалдықандарға - өмiрдiң сақтап тұру үшiн керек. Сонымен бiрге химиотерапия кезінде онкологиялық ауруларға қажет. Өмiрде әрбiр үшiншi тұрғын бiр рет донорлық қанды қажетсiнедi дейді статистика.

Қазақстанда 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам донор бола алады. Донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаты болған кезде ғана жүзеге асырылады. Донорлар қанды ақысыз түрде немесе белгілі бір төлем  үшін тапсыра алады. Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді. Олардың көбi адамдарға көмек көрсетiп, жақсылық жасауды ғана көздейдi. Кейбiреулер толық тексерiлу үшiн қан тапсырады. Себебi, орталыққа келген донорлар мұқият тексеруден өтедi. Олар трансфузиялық инфекцияларға тексерiлiп, гемоглобин мөлшерi мен қан тобын бiлiп, терапевт маманға қаралады.

Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі. Қан тапсыру күндері, донор болып табылатын қызметкер орташа еңбекақының сақталуымен жұмыстан босатылады. Донорлық функцияны жүзеге асыратын донор орташа еңбекақының сақталуымен қосымша бір демалыс күн тегін алады. Егер донор әскери қызметкер болып табылса, қан тапсырған күндері жасақтардан, вахталардан және қызметтің басқа нысандарын атқарудан босатылады, ал студенттер, оқушылар  оқудан босатылады.

Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есеге сирек ауырады. Негiзi, қан тапсырудың ешқандай зияны жоқ, ол керiсiнше денсаулыққа пайдалы. Себебi, тұрақты түрде қан тапсыратындардың қан жүйесi жаңарып, олардың миокард инфарктiсiн алу қаупi 30 пайызға төмендейдi. Донор ер адам жылына 5-6 рет, ал әйелдер 4 рет қан тапсыра алады.

Дегенменде, айта кететін бір жәйт кез келген адам қан тапсыра алмайды. Жұқпалы аурумен ауырғандар, мысалы сифилис, туберкулез, вирустық гепатитке шалдыққандар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырғандардан қан алынбайды. Ал тұмау жұқтырғандардан қан 2-3 апта өткеннен кейiн ғана алынады.

 

 

Қан орталығының дәрігерлері,

ОЛЖАБАЕВА Л., ТАШИРОВА А.

Последнее изменение Понедельник, 08 Апрель 2019 03:27
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.