Президент сайлауы – азаматтық қоғам дамуының көрінісі

Вторник, 09 Апрель 2019 08:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2646 раз

Мен, Шымкент қаласы «Азаматтық Альянс» заңгерлік тұлғалар бірлестігінің төрағасы Жұмағали Білісбеков, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Үндеуін тыңдадым. Елдегі президенттік кезектен тыс сайлау 9 маусымда өтетін болып белгіленді.

 

 

 

Бұл өте дұрыс шешім дер едім. Себебі, халықтың президентті тікелей сайлауы – елдегі саяси-демократиялық жүйенің ашық екенінің көрінісі. Сайлауға қатысу – Қазақстан Республикасының әр азаматының саяси құқығы әрі азаматтық борышы.

 

 

 

 

 

Bilisbekov

 

 

 

 

 

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеп жүргенде байқағаным, Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде бұл сала қарыштап дамыды. Азаматтардың саяси және қоғамдық тұрғыдағы сауаттары артып, көзқарастары кеңейді. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы тұрақты жолға қойылып, олардың мемлекеттік органдармен, жергілікті билікпен байланысы артып келеді.

 

 

 

Жалпы, үкіметтік емес ұйымдардың елдегі қоғамдық жұмыстарға қосатын үлесі мол.

 

 

 

Мемлекет басшысы президенттік кезектен тыс сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік берді. Ал бұл азаматтық қоғам дамуының жарқын көрінісінің бірі.

 

 

 

Біз Елбасы салып берген сарабдал жолды алдағы уақытта да жалғастыруымыз тиіс. Ол үшін сайлауда дауыс беріп, ел Президентін сайлайық! Баршаңызды сайлауға қатысуға шақырамын!

Последнее изменение Вторник, 09 Апрель 2019 08:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.