Біз болашақты өз қалауымызбен құрамыз

Вторник, 09 Апрель 2019 08:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2075 раз

Мен, Шойбек Орынбай, Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент филиалының директоры ретінде Қазақстанның қоғамдық өмірінде өткелі отырған үлкен саяси оқиға жайлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жариялаған Үндеуін зор қанағат сезіммен қабылдадым.

 

 

 

Шойбек Орынбай

 

 

 

 

Бұл шешім – еліміздің алдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінің басты бағыттарын нақты айқындап беруге ықпал ететін басты қадам. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсеріне сенемін.

 

 

Біз ашық, демократиялық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттардағы қиындыққа қарсы жүзе отырып жеткен жетістіктері, сындарлы талай сәттерде Елбасы шешімімен тығырықтан жол таба білгені, Ұлт Көшбасшының сарабдал саясатының арқасында әлемдік қауымдастық алдында Қазақ елінің мәртебесі жылдан жылға биіктей түскені бізге айдай аян.

 

 

Қазақстанның осынау жетістіктері мен халықаралық аренадағы бедел-абыройы халқымыздың бірлігі мен елдегі саяси ахуалдың түрақтылығына байланысты. Сол бірлік пен ынтымағымызды сақтай отырып, Елбасының еліміздің болашағына бағдар берген әлеуметтік бағыттарының, стратегиялық бағдарламаларының орындалуын одан әрі жалғастыру үшін сайлауды мерзімінен бұрын өткізу өте дұрыс әрі аса маңызды деп ойлаймын.

 

 

Себебі елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келісімді, әлеуметтік-экономикалық жағдайды нығайта түсуде бізге айқындық қажет.

 

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оның заңды жалғасы іспетті «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлтымыздың рухани құндылықтарын түгендеген тарихи-танымдық мұра болды. Біз алдағы сайлауда өзіміздің дұрыс таңдауымызды жасай отырып, осындай ізгілікті де, игілікті жолымыздан жаңылмауымыз керек.

 

 

Президент Қасым Жомарт Тоқаев өзінің Үндеуінде біздің еліміздің тура, айқын жолмен келе жатқанын айта келе, алдағы сайлаудың халық қалауымен ашық та таза, демократиялық жағдайда өтетініне сендірді.

 

 

Мен де қалам ұстаған зиялы қауымның өкілі ретінде қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, сайлауға белсене қатысуға шақырамын.

Последнее изменение Вторник, 09 Апрель 2019 10:07
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.