Бұл – біздің болашағымыз!

Вторник, 09 Апрель 2019 09:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2155 раз

Мен, Қайрат Молдасейітов, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешіміне қолдау білдіремін. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды қадам.

 

90-жылдардан бері кәсіпкерлік саласында жүрмін, 2007 жылдан бері облыстық мәслихаттың депутаты болып, халыққа еңбек еттім. 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының әкімі және 2012-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып азды-көпті мемлеттік қызмет атқардым.

 

 

 

Молдасейтов

 

 

 

Кәсіпкерлік салада жүріп байқағаным – біздің елде өз ісіңмен айналысуға жағдай жасалған. Мемлекеттік қолдау жан-жақты көрсетілуде. Тек өзің ерінбей, адал тер төксең болғаны. Елбасының нақты тапсырмаларын жүзеге асырудың нәтижесінде елімізде шағын және орта бизнестің дамуы жаңа белеске көтерілді.

 

Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Ол абырой бізге оңай келген жоқ. Әрқайсысымыз атсалыстық, тер төктік.

 

Біз 2007-2012 жылдардағы ауқымды әлемдік қаржы дағдарысын қоса алғанда, кездескен қиындықтардың бәрін ешкімнің көмегінсіз және табысты еңсере білдік. Қазақстан аграрлы экономикадан өнеркәсіптік-сервистік экономикаға өтті. Елді индустрияландыру және урбанизациялау процесі жүріп жатыр. Шикізат секторына әлемнің ірі инвесторлары келді.

 

Әлемдегі озық дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленсе, ендігі меже – озық дамыған 30 елдің қатарына ену. Ал бізге жүткеліп отырған алғашқы мінеттің бірі ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтау, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды жаңа Президент сайлап, ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек.

Сондықтан, барлық ірі және орта бизнестегі әріптестерімді елдің саяси өміріндегі аса маңызды оқиғасына ауызбіршілікпен қатысуға шақырамын. Бұл – біздің болашағымыз!

Последнее изменение Вторник, 09 Апрель 2019 09:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.