Ел таңдауы: Бірлік бар жерде тірлік бар

Вторник, 09 Апрель 2019 10:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2191 раз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуін зор ыждақаттылықпен тыңдай отырып, қуатты мемлекетіміздің тарихындағы үлкен кезеңге аяқ басқалы отырғанымызды сезіндік.

 

 

 

Рысбаева

 

 

 

 

 

 

Демократиялық мемлекет ретінде тұрақтылықты ту еткен бүкіл қазақстандықтар еліміздің ертеңіне деген сеніммен кезектен тыс сайлауға үлкен жауапкершілікпен келе отырып, ел басқару ісіне қатыспақ.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, кезектен тыс сайлау өткізу халық мүддесі үшін өте маңызды шешім, бүкіл қазақстандықтардың арман, мақсаттарын бір арнаға тоғыстыратын сәт.

 

 

«Мәңгілік Ел» идеясы аясында күш-қуатымызды біріктіре келе, халықаралық аренада да, ішкі саяси-экономикалық жағдайларда да нақты шешімдерге ықпал етпек.

 

 

Біртұтас мемлекет ретінде саяси маңызы зор, 9 маусымда өтетін бұл сайлаудың ашық та әділ өтуі барлық қазақстандықтарға сын болмақ.

 

 

 

Ел таңдауы тұтас, бірлік пен мызғымастық негізінде іске асатынына сеніміміз зор.

 

 

 

Рысбаева Сәуле Жақсыбайқызы,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

Мемлекеттік басқару Академиясының

Шымкент қаласы бойынша Филиалының доценті,

саяси ғылымдар кандидаты

Последнее изменение Вторник, 09 Апрель 2019 10:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.