2021 жылы жатақхана мәселесі толық шешіледі Избранное

Среда, 10 Апрель 2019 04:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2096 раз

Шымкентте жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі оңтайлы шешілуде. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің студенттеріне жаңа 350 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

Студенттер үйі 12

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов елімізде жастардың білім мен ғылымды игеруіне барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын атап өтті.

– Бүгінде қаладағы 48 оқу орнында 123 мыңнан астам студент білім алуда. Осы оқу орындарына қарасты 39 жатақхана болса, онда 7 600-ге жуық студент тұрады. Бұдан бөлек 8 мыңнан астам студентке жатақханадан орын керек. Қазір 1000 орынды 3 жатақхана салынуда. Алдағы уақытта бұл мәселе толық шешімін табады.

Шымкенттегі жатақхана қажеттілігін жою бойынша тиісті жұмыстарды қолға алып, әкімдік 2021 жылдың соңына дейін студенттерді 100% жатақханамен қамтуды көздеп отыр, - деді қала әкімі.

Айта кетейік, бүгінде оқу орнындағы шетелдік студенттер саны жыл сайын артып, жалпы студенттер саны 5 мыңнан асып отыр. Жатақхана заманауи талаптарға сай, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасымен қолға алынған жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда.