Көпшілікпен жұмыс істеуде – еркін тәсілдер

Среда, 10 Апрель 2019 04:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 544 раз

Шымкентте басқарма басшылары мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлеріне арналған тренинг өтті.

DSC 6403

«Көпшілік алдында сөз сөйлеу: топтық жанжалдарды басқару» семинар-тренингіне қатысушылар шешендік шеберліктің негізгі әдістерімен танысты, көпшілікпен жұмыс істеудің жаңа технологиясын үйренді. Іс-шараға қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Мұрат Базарқұлов, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева бастаған мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Тренингте психология ғылымдарының докторы, бизнес-тренер, Ресей Федерациясының кәсіби психотерапевтік лигасының халықаралық деңгейдегі ресми оқытушысы және мүшесі Гүлмира Аяпбергенова мемлекеттік қызметкерлерге халықпен жұмыс істеу, қызметтік дауларды шешу бойынша психологиялық кеңес берді.

Бұған қоса топтық іс-әрекеттің психологиясы, күйзеліске тұрақтылық, көпшілікпен қарым-қатынасқа түсу, топтық агрессиямен жұмыс жасаудың рет-тәртібі, эмоционалдық интеллект туралы жан-жақты әңгіме өрбіді.
Ашық диалог форматында өткен жиын барысында ойындар ойнатылып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.