Ұлттық сана. Тарихи тамыр. Өркениет

Среда, 10 Апрель 2019 04:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 447 раз

Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқығанда еріксіз әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің басты ерекшеліктеріне айналған ғаламның жеті таңғажайыптары еске түседі.

55555555

Сәулет өнерінің бұл әйгілі ғимараттарының тізімін маршруттар картасын жасап барып көруге болатын болса, Қазақстанның тарихын кеңістік пен уақыт өлшемдері бойынша түсініп, пайымдау және көпшілікке тарату қажет. Бұл жерде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атап өткендей: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ.

Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз».
Мемлекет басшысы бұл мақаласында халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне тоқталған.

Онда «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі, «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты тақырыптарды тарқатады.

«Ұлы даланың жеті қыры» Елбасының «Рухани жаңғыру» ұлт жоспарының дәстүрлі жалғасы іспетті. Өйткені Мемлекет басшысы мақала аясында "Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.

Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет. Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады» дейді.

Қазіргі уақытта теледидарда қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, атақты тұлғалары және т.с.с. туралы көптеген жаңа, қызықты танымдық бағдарламалар бар. Олар мақсатты аудиторияларға арналады. Алайда кейде бұқаралық ақпарат құралдары тұрғындар арасында Қазақстан, оның халқы, тарихы және т.с.с. туралы сауалнама өткізгенде, көпшілігі айқын нәрселерді білмейді.

Осы бос орынды толтыру керек. Өйткені мақалада көрсетілгендей, «Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады».

Мұның алдындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала қазақ қоғамының күн тәртібін анықтауға мүмкіндік берсе, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы жаңа міндеттерді айқындап көрсетті.

Елбасы ата-бабаларымыздың қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санағанын және осы басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырғандығын, өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болғандығын дәлелдеп, көрсетіп берді.

Мақалада көтерілген маңызды мәселенің бірі – рухани құндылықтарды жинақтау, кітаптар шығару және оларды цифрлық жүйеде мұрағаттау. Осы тұрғыда «Архив – 2025» жобасы тарихын қастерлейтін, салт-дәстүрін дәріптейтін, руханиятын сақтайтын ел үшін өте маңызды бастама.

«Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы – Ұлы Даланың атақты, ұлы тұлғалары мен олардың жетістіктерін құрметтеп, мақтан тұту қажеттігінен туындаған жоба. Бұл жобаны іске асыру еліміздің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізері сөзсіз.

75- жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ұжымы, және жастар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қызушылықпен оқып шығып, барлық кураторлық топтарда
талқылады.

М. Сейдахметов,
М.Әуезов атындағы
ОҚМУ-нің
"Басқару және бизнес" Жоғары
мектебінің деканы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.