Президент сайлауы – уақыт талабы

Среда, 10 Апрель 2019 10:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 192 раз

Мен, М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Сәкен Мәжінбеков, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешімін қолдаймын.

Мажинбеков

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Мемлекетті басқару ісіндегі өкілеттігін тоқтатқаннан кейін-ақ бүкіл ел сайлаудың қашан өтетінін күткені анық. Сондықтан кезектен тыс сайлау өткізуді өте маңызды шешім деп білемін. Әлемдік тәртіптер мен қатынастарда үнемі өзгерістер болатыны заңдылық. Ал біздің мемлекет басқа елдермен қатар осы жүйеден өз орнын алуға тырысады. Қазақстан – саяси тұрақтылығы экономикалық даму жағынан әлемдік аренада шынайы бағасын алып, өз орнын қалыптастырған мемлекет.

 

 

Қандай қуатты мемлекет болмасын, әлемдегі жаһандық мәселелерді жеке дара шеше алмайды. Қазіргі ядролық қару, халықаралық мәселелер, терроризм, экстремизм, түрлі індет-ауруларының жаңа түрлерінің қаупі, басқа да қайшылықтар бүгінде кез келген мемлекетке қауіп төндіретіні жасырын емес. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына зардабын тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті саясатты басқа мемлекеттермен бірлесе отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі.

 

 

Алыс-жақын мемлекеттермен достық, саяси, әлеуметтік, экономикалық байланыстарды орнатып, дұрыс жүргізу мемлекет дамуына тікелей ықпал ететін маңызды фактор. Соңғы кезде елімізде болып жатқан саяси жаңалықтар мен өзгерістер, әлбетте әлемнің алпауыттарының назарын аударып отыр. Айналамыздағы барлық мемлекеттер Қазақстандағы биліктің эволюциялық жолмен ауысуына оң бағасын берді.

 

 

Қазіргі таңда біз үшін ең маңызды мәселе – ішкі тұрақтылық. Ішкі бірлігімізді, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев салып берген дара жолымызды және стратегиялық бағыттарымызды одан әрі дамыту аса маңызды. Сондықтан Қазақстан Республикасын Азия барысына айналдыру стратегиясын нәтижелі түрде дамыту үшін саясатты жүргізетін Президентті сайлау бүгінгі уақыт талабы деп есептеймін.

Последнее изменение Среда, 10 Апрель 2019 10:43
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.