Әкімдер – әлеуметтік желіде Избранное

Пятница, 12 Апрель 2019 03:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 190 раз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықтың сауалдарына жедел жауап беруді тапсырғалы бері түрлі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желілерге қосылуда.

553B125E-8D96-4E1D-9E3E-97EBAB559947 cx0 cy3 cw0 w1023 r1 s

Шымкент қаласының әкімі басшылық құрамға тұрғындармен тығыз байланыс орнату үшін әлеуметтік желіге тіркеліп, ондағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Ғабидолла Әбдірахымов қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін қабылдауды және оларға жедел жауап беруді, сондай-ақ әкімдік жүргізетін жұмыстар туралы қол жетімді нысанда түсіндіруді тапсырды.

Айта кету керек, бүгінде @akimat.shymkent парақшасы арқылы әкімдікке қатысты жұмыстар жарияланып тұрады. Үшінші мегаполис әкімі бұл бағыттағы жұмыс өзінің жеке бақылауымен күшейтілетінін атап өтті.

Осы ретте қаланың әкімі өзі бас болып, twitter парақшасын қайта жаңартты және Инстаграм желісінде @gabidullaabdrakhimov болып тіркелді.

Бұған қоса қала әкімінің орынбасарлары Бауыржан Мамыталиев, Данат Жумин, Гүлжан Құрманбековалар қостап, 4 аудан әкімі мен басқарма басшыларының да facebook, instagram, twitter әлеуметтік желілерінде парақшалары іске қосылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.