Версия для печати

Этнос өкілдері қазақша мақал-мәтел айтудан сайысты

Пятница, 12 Апрель 2019 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4726 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Түрлі этнос жастарының мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениетін дамытуды көздеген іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында өтті.

Мақал 2

Оған қалалық Ассамблея жанында ашылған мемлекеттік тілді оқып-үйрету курсының оқушылары қатысып, теориялық білімді практика жүзінде қолдану дағдыларын дамытты.

Жастар өзара үш топқа бөлініп, Отан, тіл, достық, бірлік тақырыбында мақал-мәтелдер мен билердің даналық сөздерін айтудан, қара өлең оқудан сынға түсті.

Сондай-ақ, басылымдарда жарияланған мақалалардан үзінді оқып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетті.

Байқау барысында қазақтың отыздан астам мақал-мәтелдерін жатқа айтып, Абайдың өлеңдерін оқудан озып шыққан түрік этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Сайфиддин Османов үздік деп танылды.

Шымкентте түрлі этнос өкілдеріне арналған мемлекеттік тілді оқып-үйрету курсы ақпан айында жұмысын бастаған. Игі бастаманы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе жүзеге асыруда.

Арман СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.