Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды

Вторник, 23 Апрель 2019 12:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2452 раз

Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы қоғамдағы тұрақтылықты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған реформалар курсының жалғасуын қолдайды.

 

Сондықтан біз «Nur Otan» партиясының XIX съезінде ҚР Президенттігіне Елбасы ұсынған Қ.Тоқаевтың кандидатурасына қолдау білдіреміз.

Қазақстанның Азаматтық Альянсының қалалық филиалы құрамында 30-дан астам үкіметтік емес ұйым біріккен.

Біздің ұйымның жұмысы азаматтық қоғамды дамытуға, қоғам, билік пен бизнес арасындағы өзара әріптестік пен тиімді әрекетті қамтамасыз етуге бағытталған.

Біз барша қазақстандықтарды 9 маусым күні белсенділік танытып, Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға қатысуға шақырамыз.

Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.