Версия для печати

Сайлау шешіміне студенттер қолдауы

Среда, 24 Апрель 2019 04:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2444 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы және қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармаың ұйымдастыруымен конференция өтті.

студенттер

Жиынның мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына белсене қатысуға шақыру. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ербол Байқонысов, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қайырбек Құнанбаев, «Феникс» жастар ұйымының жетекшісі Шахло Акрамова, «Шексіздік» еріктілер клубының мүшесі Көмек Ертаев қатысты.

Жиында жас сайлаушылар үшін сайлау заңнамасын білу, сайлаудың ұстанымдарын жастардың санасына сіңіріп қана қоймай, сайлауға қатысу құқықтары мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясының студенттері белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайтындарын айтты. Студент жастар кезектен тыс өтетін сайлау шешімін бірауыздан қолдап, ол үшін бар күштерін салып белсенділік танытатындарын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.