Ассамблея сессиясына делегация әзір Избранное

Пятница, 26 Апрель 2019 04:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 466 раз

29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтеді.

Нұртай 4

Осыған орай Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай сессияға үшінші мегаполистен қатысатын делегаттарды қабылдады.

Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары ҚХА сессияларында әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани салаларға қатысты маңызды мәселелер қаралатынын, биылғы басқосудан да тың жаңалықтар күтетінін жеткізді.

ҚХА XXVII сессиясы жұмысына Шымкент қаласынан 26 делегат қатысады. Олардың қатарында қала әкімі, қалалық мәслихаттың депутаттары, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Последнее изменение Пятница, 26 Апрель 2019 04:54
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.