ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ – ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІҢ КІЛТІ Избранное

Пятница, 26 Апрель 2019 04:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 600 раз

Латифша Асанов,Шымкент қалалық түрікэтномәдени бірлестігінің төрағасы

латипша асанов

29 сәуірде Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясын асыға күтудеміз. Өйткені, еліміздегі әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани салаларға қатысты жаңа міндеттер Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін осы жиында айтылады.

Баянды бастамалар тұрақтылық пен келісімнің одан әрі нығаюына, еліміздің жан-жақты дамуына өз септігін тигізіп келеді. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өтетін биылғы сессия да жағымды жаңалықтарымен ерекшеленетініне сенімдіміз.

«Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» тақырыбында өтетін сессияда бірлік пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жандандыруға ерекше назар аударылады деген ойдамыз.

Өйткені, әлемде жүріп жатқан дағдарыс қаржылық, экономикалық салалармен ғана шектелмей, әлеуметтік, этносаралық және дінаралық мәселелердің ушығуына себепкер болуы мүмкін.

Осы орайда елімізде дағдарысқа қарсы кешенді шаралар қолға алынды.Елбасының әлеуметтік-идеологиялық бағыттағы «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» сәтті жүзеге асуда.

Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық жетістік болмайтыны мәлім. Сондықтан, халқымыздың бірлігін мұнан әрі нығайту алдымызда тұрған аса маңызды міндет.

Қашанда еліміздегі маңызды бастамаларды іске асыруда алдыңғы қатарда жүретін ассамблея мүшелері алдағы уақытта да бір шаңырақ астында белсенділік таныта бермек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.