ЕЛДІГІМІЗ – БІРЛІКТЕ Избранное

Вторник, 30 Апрель 2019 04:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2955 раз

Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік қағидасын ұстанған еліміз үшін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамының орны ерекше.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 125-тен астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқанын атап өтеді. Шымкенттегі SILKWAY халықаралық университетінің ұжымы да Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ынтымақ пен бірлік күнін атап өтті.

Мерекелік іс-шараға жиналған түрлі этно-мәдени бірліктерінің төрағалары университеттегі студенттердің қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Онда қылқалам шеберлерінің 30-ға жуық туындысы қойылған. Бұған қоса университет қабырғасындағы әр этномәдени бiрлестiктер өздерiнiң салт-дәстүрлерiмен, өнерлерiмен таныстыру мақсатында көрме ұйымдастырып, келген қонақтарды әндерiмен, билерiмен қарсы алды.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздегі ең айтулы, орны ерекше мемлекеттік мерекелердің бірі екенін атап өтіп, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады.

Университет президенті Мадияр Юнусов «Жыл басқарушысы» және «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, қоғамның дамуына үлес қосып, ғылым мен білім саласында жетістікке жетіп жүрген үздік студенттер Алғыс хаттарға ие болды.

Мереке қонақтары ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татып, тұсаукесер рәсімі де йұымдастырылды. Жиын соңы университет өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.