Әлеуметтік нысандар – депутаттар назарында Избранное

Пятница, 03 Май 2019 04:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2899 раз

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Дархан Мыңбай, Әбдіманап Бектұрғанов, Сәкен Қаныбеков, Уәлихан Қайназаров, Фахриддин Қаратаев келіп, бірқатар кездесулер өткізді. «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында Бадам өзенінің үстінен салынып жатқан көпірдің жұмысымен танысты.

DSC 3953

Әлеуметтік нысан – Қонаев гүлзарының жалғасы ретінде жүзеге асып жатқан жоба (Домбова көшесінен А2 жолына дейінгі). Жоба 7 кезеңді құраса, қазір мұнда 3-кезеңнің құрылысы атқарылуда.

– Бұл – өте маңызды жоба. Нәтижесінде қалада көлік кептелісін шешуден бөлек, Түркістан облысының оңтүстік аудандарымен және Ташкентпен байланыс жақсарады. Халыққа осы стратегиялық маңызы зор екенін дұрыс насихаттау керек. Әрине, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару үшін де тұрғындарға дұрыс түсіндіру маңызды.

Нақты есеп керек. Біз де жергілікті әкімдіктің ұсыныстарын Үкіметке жеткізуге, қаржы бөлуге қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай.

Мердігерлердің айтуынша, қазір су ағынының қатты болуына байланысты құрылыс тоқтап тұр. Жұмыс 15 мамырда қайта жалғаспақ. Жалпы көпір құрылысын биыл қазан айында аяқтау жоспарда.

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың мәлімдеуінше, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу мәселесіне байланысты штаб құрылған. Айына 2 рет тұрғындармен кездесу өтуде.

Мәжіліс депутаттары бұған қоса Сәуле шағынауданындағы №76 мектеп ұжымымен кездесті. Депутаттар мектеп жанынан салынып жатқан қосымша 300 орынды оқу корпусының, спорт залының, шеберхана мен асхананың құрылысы барысын аралап көрді.

Жаңа ғимаратты пайдалануға беру уақыты 2019 жылдың 25 мамыры деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 15 216 мың теңге.
Мектептегі сабақ барысын, құрылыс жұмыстарын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселелерге назар аударды.

– Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жақсы болса дейміз. Сонымен бірге сапалы білім берілуі де қажет. Мұндағы оқулықтардың сапасы жақсы. Тағы бір назар аударатын жағдай, мектеп бүгінгі оқу стандарттарына сай болуы керек.

Яғни құрал-жабдықтарға, зертханаларға, орындықтардың дұрыс орналасуына да бақылау қажет. Мектепте сапалы білім беру – басты талап, - деді Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов.
Бүгінде құрылысты мердігер «Штаб ССО» ЖШС жүргізуде. Қаржы Шымкент қаласының бюджеті есебінен қаралған.

Последнее изменение Пятница, 03 Май 2019 04:38
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.