«Шымкент-сити» қалашығының алғашқы тұрғындары баспаналы болды Избранное

Пятница, 03 Май 2019 04:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 517 раз

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіндегі салтанатты іс-шарада қала әкімі Ғ.Әбдірахымов жаңа ауданның тұрғындарын қос қуанышпен құттықтады.

DSC 3561

Жаңа үйдегі 177 пәтер – көпбалалы отбасыларға, 108 пәтер – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға беріліп, 255 пәтер басқа да әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға үлестірілді.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің жаңа әлеуметтік саясаты іске асып жатқанын мәлімдеп, «Әлеуметтік қамқорлық» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар мен халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын баспанамен қамту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Мемлекет тұрғындарды баспанамен қамту, көпбалалы отбасыларға, мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бағыттарында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Халықты қолдауға арналған осы жұмыстарды қуатты мемлекеттер ғана атқара алады.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, Шымкент қаласында соңғы жылдары құрылыс қарқыны артты. Жаңа шағынаудандар салынып, мыңдаған отбасылар баспаналы болды. Былтырдың өзінде қаламызда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1152 отбасы баспаналы болды.

Бұл дәстүр биыл да жалғасын тауып, талай отбасыға баспаналы болу бақыты бұйырғалы тұр. Қаланың даму жоспарына осыдан 3-4 жыл бұрын ғана енгізілген «Шымкент-Сити» заманауи қалашығы бүгін алғашқы тұрғындарын қабылдауда, - деді қала әкімі.

DSC 3747

Шағынаудан таяу болашақта мегаполистің жаңа орталығына айналады, – дейді қала әкімі. Мұндағы құрылыс жұмыстарын танымал «Highvill», «BI Group» сынды ірі компаниялар жүргізеді. Қазір мұнда «Конгресс холл» мен 70 гектар жерге саябақ салынуда. Бұған қоса спорттық арена мен заманауи технологиялар енгізілген орталыққа айналады.

– Жоспар бойынша қалашықта әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және заманауи демалыс орындары, кино және концерт залы, спорт кешені және т.б. көптеген ғимараттар бой көтереді. Жыл соңына дейін 68 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне беріледі.

«Шымкент сити» - болашағы жарқын мегаполистің жаңа өркендеу бағдары болып бекітіліп, тұрғындар үшін озық стандартты орта болып қалыптасады, - деді Ғ.Рахматоллаұлы.

Айта кетсек, Шымкентте жыл соңына дейін 828 пәтерлі 14 арендалық үй пайдалануға беріледі. Бұдан басқа «7-20-25» бағдарламасы арқылы 246 пәтерлі 5 кредиттік үй берілсе, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы Нұрсәт шағын ауданында 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үй, «Шымкент» ӘКК арқылы 1016 пәтерлі 24 кредиттік тұрғын үй халық игілігіне тапсырылмақ.

Жеке құрылыс компаниялары есебінен 1293 пәтерлі 26 тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Ал қалашықтағы қоныс тойы барысында тұрғындарға мерекелік дастархан жайылып, іс-шараның соңы думанды концертке ұласты.

DSC 3755

Последнее изменение Понедельник, 06 Май 2019 05:55