Версия для печати

Ерлік ешқашан ұмытылмайды Избранное

Среда, 15 Май 2019 04:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2744 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Ұлы Жеңіс мерекесі күні Шымкентте «Батырларға тағзым» шеруі өтті. Отан үшін от кешкен майдангерлердің мыңға жуық ұрпағы батыр ата-әжелерінің суреттерін ұстап, бір саппен жүріп өтті.

DSC 6476

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» салтанатты іс-шарасы аясында ұйымдастырылған мерекелік шара Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша тұрғындарды Жеңіс күнімен құттықтады.

– 9 мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен қаламыздың гүлденуі де осынау мерекенің жемісі.

Қасиетті Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады, - деді қала әкімі.

Ардагерлер «Даңқ» аллеясын аралап, қарулас достарының рухына тағзым жасады. Далада дайындалған сарбаз ботқасынан ауыз тиді. Театр әртістері ұсынған Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністер ардагерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұл күні ерлікке тағзым етушілер бірі атасының, енді бірі бауырының, кейбірі соғыста із-түзсіз кеткен туыстарының басына гүл шоқтарын қойды. Осылайша Отан үшін опат болғандарды бір сәт үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігін бүгінгі ұрпаққа дәріптеді.

Айта кетейік, сұрапыл соғыс жылдары Шымкент қаласында майданға 23 мыңнан астам азамат аттанып, соның 11 мыңнан астамы майдан даласында мәңгілікке қалған. Бүгінде үшінші мегаполисте Ұлы Отан соғысының 54 ардагері және 4276 ардагерге теңестірілгендер мен тыл еңбеккерлері тұрады.