Версия для печати

Кандидаттың қоғамдық штабы құрылды Избранное

Среда, 15 Май 2019 04:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2112 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Президенттігіне үміткер Амангелді Таспиховтың Шымкент қаласы мен Түркістан облыстық қоғамдық штабын «Түркістан облыстық, Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов басқарады.

Таспиховтың штабы

Жиында штабтың алдағы жұмыстары мен құрамы жайында жан-жақты айтылып, сенімді өкілдер таныстырылды. Штаб құрамына салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, жастар ұйымдарының белсенділері бар.

Штаб аясында «Келешек» жастар кеңесі жастар арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға белсене қатысады.

Берік Бекжанов кәсіподақ ұйымдары еңбек адамының құқығын қорғауда, адам капиталын дамытуда жемісті нәтижелерге жетуді мақсат тұтқанын атап өтті.

Бұдан кейін штаб басшысы бастаған топ аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмесін көріп, жылжымалы қоғамдық қабылдау көлігімен танысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.