Бір терезе – мың мүмкіндік Избранное

Пятница, 17 Май 2019 04:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2919 раз

Қазақстанда «Электронды үкімет» порталын пайдаланушылардың саны 8,6 миллион адамнан асты. 2018 жылдың қорытындысын жариялаған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері eGov.kz порталында атқарылған жұмыстар туралы осылай деп мәлімдеді.

Басымбек-41

2018 жылы «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелердің қолжетімділік индексі жоспар бойынша 99% болса, жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 99,95%-ға жеткен. Осылайша eGov.kz порталының қызметін тұтынушылардың саны соңғы 10 жылда 800 есеге көбейіп отыр. Нақты айтқанда 2009 жылы 10960 пайдаланушы болса, бүгінде олардың жалпы саны 8,6 миллионнан асады.

Елімізде eGov.kz порталының қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынады. Осы орайда Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстар туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Бахыт Басымбектен білген едік.

Үш жылдағы ауқымды жұмыс

– Бахыт Мүсірәліұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына биыл 3 жыл толды. Осы уақыт ішінде жұмыс жүйесінде қандай өзгерістер мен жаңалықтар болды?

– Осыдан үш жыл бұрын Елбасының тапсырмасымен «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» жобасы аясында құрылған мемлекеттік корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» секілді төрт ірі кәсіпорынды біріктіріп, мемлекеттік қызмет көрсету саласының біріңғай провайдеріне айналды.

Осы үш жылдың ішінде қаншама қызметоңтайландырылып, электронды форматқа өтті, бір жүйеге келтірілді.

Айта кетсек, кейбір талап етілетін құжаттар саны мен қызмет көрсету мерзімі қысқартылды.Мысалы, азаматтар зейнеткерлікке шығуды бір ғана өтінішпен рәсімдей алады, сондай-ақ, өтініш білдірмесе де көрсетілетін проактивті қызметтер іске қосылды.

Мәселен, жас босанған аналар үшін баланың туу куәлігі мен сәбидің күтіміне байланысты жәрдемақыны рәсімдеу, бөбекті балабақша кезегіне қою сияқты үш қызметке ешқайда бармай-ақ, ұялы телефон көмегімен өтініш беру мүмкіндігіне ие болды.

Жас ана перзентханадан шықпай-ақ, sms-ке жауап беріп, барлығын бір мезетте шеше алады. Прокативті қызмет іске қосылғалы бері 10 мың баланың құжаты осы онлайн әдіспен рәсімделді.

– Азаматтарға қызмет алу барысы әлдеқайда жеңілдегені рас. Осы орайда тұтынушылардың цифрлық қызметті алу деңгейі қандай?

– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру міндеті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүктелген. 2020 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы онлайн түрде қолжетімді болуы тиіс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында атап өтілген мақсат та – осы. Халыққа электрондық цифрлық қолтаңбаны рәсімдеп берген ХҚО қызметкерлері оларға электронды үкімет порталын пайдалануды да үйретеді. Осы мақсатта Шымкент қаласында Цифрлық ХҚО ашылған болатын.

Бұл – халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа үлгісі. Онда оператор мамандар жұмыс істемейді, қойылған терминалдар мен ноутбуктер арқылы азаматтар мемлекеттік қызметтер мен қажетті анықтамаларды өздері ала алады.

Сонымен қатар дәл осы орталықтарда азаматтарымыз цифрлық сауат ашу сабақтарына қатысып, egov.kz электронды үкі¬мет порталы, mgov қосымшасы, телеграмдағы egovkzBot-пен жұмыс істеуді үйрене алады.

Цифрлық сауаттылық

Жалпы, елімізде азаматтардың уақытын үнемдеп, ХҚО-ға бармай-ақ қажетті анықтамаларды алуға болатын жүйе енгізілген. Мысалы, телеграм мэссенджерінде арнайы ЕgovkzBot құрылды, бүгінде 24 түрлі қызметті смартфон арқылы алуға болады. Электронды цифрлық қолтаңбасы жоқ азаматтарға бірреттік құпиясөз арқылы қызмет алу тәсілі де жүзеге асырылған.

цифрлы Қазақстан 1

2018 жылы корпорациямыздың Шымкент филиалы арқылы 4 миллионнан аса мемлекеттік қыз¬мет көрсетілді. Ал азаматтарымыз халыққа қызмет көрсету орталығындағы (ХҚО) Сonnection point аймағы арқылы өз бетінше 3 миллионнан астам қызмет алған.

– Электронды жүйелердің бірден-бір артықшылығы да осы қағазбастылықтан арылу ғой?

– Дұрыс айтасыз. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 11 фронт-офис жұмыс істеуде, күн сайын ХҚО-ларда орташа есеппен 6 мыңға жуық қызмет көрсетіледі. Ең жиі сұралатыны – қарапайым анықтамалар. Осыған орай корпорация қағазбастылықты жою бойынша «Анықтамасыз қызмет» - «Paper free» жобасын ұсынды.

Бұл жоба SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесінде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға келеді.

Егер «Paper free» сервисі қолданса, оқу орындары электронды үкімет порталынан қажетті құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электронды анықтама алуға бір реттік рұқсат бергенін растап, фронт-офиске барудан құтылады. Сондай-ақ бұл қызмет түрімен барлық мемлекеттік органдар тарапынан да электронды үкімет порталы арқылы сұрау жібере алады.

– «Бір терезе» қағидасы бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

–Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтер оңтайландырылып, жеңілдетілді. Біраз қызмет «бір терезе» қағидаты бойынша қолжетімді бола түсті. Мәселен, Шымкент қаласында көші-қон қызметтерінің орталығы ашылды. Шетел азаматтарына қызмет көрсетілетін бір жерде, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінен бөлек, көші-қон қызметісаласының және медицина мамандары орналасқан.

Осылайша «бір терезе» уақыт пен ресурстарды үнемдеудің басты көрсеткішіне айналды.

Көлік жүргізушілері – онлайн

Айта кетейік, 2018 жылдан бері азаматтар жүргізуші куәлігін онлайн түрде алмастырып, электронды үкімет порталы арқылы автокөлікті қайтатіркей алады. Бұл көлік жүргізушілерінің уақытын айтарлықтай үнемдейді және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті азайды.

– Қызметті онлайн режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін қызметті алушы азамат egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦҚ) қол қойса жеткілікті. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса жүктеледі.

Жеке кабинетке құжаттың дайын болғаны туралы хабарлама келгеннен кейін (SMS-хабарлама мобильді азаматтар базасына тіркелген нөмірге жолданады) мамандандырылған ХҚО-ға барып, тек дайын жүргізуші куәлігін алып кетеді.

Алавтокөлікті онлайн режимдетіркеу үшін egov.kz порталы арқылы өзіңіз сатқан автокөлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдардың бар-жоғын тексере аласыз, салық қарыздары мен техникалық тексерістерді сұрата аласыз, ал егер қарызыңыз бар болса, электронды үкімет порталы арқылы төлем жасай аласыз.

Сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндгі өтінімдерімен таныса алады. Сосын сатып алушы өзінің ЭЦҚ-сы арқылы смарт-келісімін растайды және ол дайын болған нөмір белгілерін мамандандырылған ХҚО-дан ала алады.

– Жалпы, мамандандырылған ХҚО қызметін қанша азамат қолданды?

– Шымкент қаласында мамандандырылған ХҚО-да автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Осы мамандандырылған ХҚО арқылы азаматтарға автокөлікті қайта тіркеу бойынша 500 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, 100 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді.

– Ал жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бағыты бойынша қызметтер қаншалықты «цифрландырылуда»?

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстарына сай жер қатынастары саласындағы 2 мемлекеттік қызметті көрсету процесін жеңілдетудің пилоттық жобасын іске қосылған еді. Олар – жер учаскесінің кадастрлық құны анықтау және жерге орналастыру жобаларын жергілікті атқарушы органдарда бекіту жобалары.

Бүгінде пилоттық жоба жұмыс тәртібіне ауыстырылып, бірқалыпты жұмыс істеуде.

Және бір айта кетер жаңалық – жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Әділет министрлігі көрсететін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтті.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функциясы мемлекеттік корпорацияға берілгеннен беріқызметтердің көрсетілу мерзімін және тіркеу барысындағы шығынды қысқартып, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға жол ашылды. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік берді.

Бұрын азамат жеке баспана салатын кезде мемлекеттік корпорация арқылы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізетін. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсыратын еді. Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚО арқылы бір өтінішпен ұсынылады.

– Бахыт Мүсірәліұлы, сұхбатыңызға рақмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.