Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанда мегаполистер саны артады Избранное

Пятница, 17 Май 2019 04:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1993 раз

Қазіргі уақытта қалалар маңызды рөл атқарады және экономикалық дамуда олардың ықпалы арта береді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан XII Астана экономикалық форумында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

004

– Адамдар қайда сапалы өмір сүруге болатыны жөнінде шешім қабылдап жатыр. Олардың бақуатты өмір сүруі даму нүктелеріне шоғырланады және бұл орындар мегаполиске айналады. Бүгінде Жер шары тұрғындарының 55% немесе 4 млрд адам қалада тұрады. 2020 жылға қарай, қала халқы екі есеге артуы мүмкін. Сонда әрбір 10 адамның жетеуі қалалық болмақ.

Инвестициялар мемлекетке емес, қалаларға түседі. Бәсекелестік те қалалар арасында жүріп жатыр. Қазіргі уақытта әлемдік ЖІӨ 80% қалаларда түзіледі. Өнімділікті арттырып, инновацияларды көбірек енгізген урбанизация тұрақты өсімге де ықпал ете алады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан қалаларының табысы - мемлекеттің әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуының негізгі факторы. Қазақстан да жалпыәлемдік урбанизация үрдісіне бет алды.
– Қазақстандағы урбанизация белсенді түрде жүргізіліп келеді. Қазақстан халқының 40% ауылдарда тұрады.

Алайда олардың 20% қалада, 20% - ауылда жұмыс істейді. Бізде ірі қалалардың саны артып келеді. Ел астанасы 20 жылда 180 мың адам тұратын провинциалды қаладан миллиондық мегаполиске айналды. Алматы қаласының тұрғындары 2 млн асады. Өткен жылы миллиондық қалалар сапына Шымкент қаласы қосылды. Тағы екі қаланы осы қатарға қосуды жоспарлап отырмыз, - деді Елбасы.

XII Астана экономикалық форумы «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтуде. Форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп келеді. АЭФ – жаһандық қаржы-экономикалық жүйенің мәселелері талқыланатын, қаржы-экономикалық ахуалды жақсарту бағытталған нақты ұсыныстар қабылданатын ірі халықаралық байланыс алаңы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.