Жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болыңыз!

Вторник, 21 Май 2019 08:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 252 раз

южное1

Көктем-жаз мезгілдері басталды дегенше, үлкен-кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындар қаптап кететіні белгілі. Ыстық күнде мауқыңды басатын бұл асқа көпшілігіміз құмартып тұрамыз. Дегенмен, жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болған жөн. Өйткені, бірқатар санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда, жұмсақ балмұздақтан уланып қалуыңыз әбден мүмкін!

Жұмсақ балмұздақты дайындау және сатуға қойылатын санитариялық талаптар мынадай:

- Құрғақ қоспалардан немесе концентраттардан дайындалған қалпына келтірілген қоспалар пайдаланылады, қоспаларды қалпына келтіру үшін жаңа қайнатылған ауыз суын пайдалану қажет;

- Қалпына келтірілген қоспаларды дайындау сатылуына қарай жүргізіледі, қалпына келтірілген қоспаларды сақтауға болмайды;

- Жұмсақ балмұздақты, тек дайындалған орында ғана сатуға жол беріледі және сатылар алдында дайындалады;

- Шикі жұмыртқа, шикі пастерленбеген сүтті пайдалануға жол берілмейді;

- Өнімнің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы қажет;

- Қызметкерлердің санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі және медициналық кітапшаларының жұмыс орнында болуы тиіс;

южное 2

Сонымен қатар, жұмсақ балмұздақ сататын орындар өз қызметтерін бастағаны туралы Шымкент қаласының аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына хабарлама беруі қажет.

2018 жылы Шымкентте «Южное» балмұздақ сататын орнында жаппай балмұздақтан улану жағдайы орын алған болатын. Осы жағдайдан кейін Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және оның аудандық басқармаларына қала тұрғындары тарапынан «Южное» балмұздақ сататын орнының биыл жұмыс жасауына қатысты сұрақтар қойылуда.

Айта кету керек, былтырғы жаппай улану жағдайынан кейін балмұздақ сататын орын жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда «Южное» балмұздақ сататын орны басқа кәсіпкерге жалға берілген. Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жеке кәсіпкердің өз қызметін бастағаны туралы «хабарлама» берілген.

«Южное» балмұздақ сататын нысанда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен «Тамақтан уланудың алдын алу туралы» және санитарлық ережелер мен қағидаларды сақтау жөнінде санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді.

Последнее изменение Вторник, 21 Май 2019 17:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.