Жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар

Вторник, 21 Май 2019 17:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 784 раз

Жаз мезгілі келісімен, балалардың демалысын ұйымдастырып, түрлі сауықтыру ұйымдарына жіберіп жатамыз. Жазғы сауықтыру ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болғанда ғана балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуы және демалуы тиімді болады. Дәрігерлер мен орта медидициналық қызметкерлерге әрбір баланың денсаулығына және балалардың жазғы демалысының күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруына үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Балаларды сауықтыру ұйымдарын ашу алдында кенеге қарсы өңдеуді және кеміргіштерге қарсы күрес бойынша іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру және жүргізу қажет.

Балаларды қабылдау денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама болған жағдайда жүзеге асырылады.

       Балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары медициналық тексеруден толық өтуі қажет.

Шомылу тәртібі.

Шомылуға арналған су бетінің шекарасы ашық түсті, жақсы көрінетін қалқитын белгілермен белгіленеді. Жағажайдың аумағында бірі-бірінен 40 м аспайтын қашықтықта қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады.

Жыл сайын жағажайда таза құм, малта тас себіледі. Адамдардың шомылуына арналған орындарда киім-кешек жууға және жануарларды жуындыруға жол берілмейді. Бассейн суының тазалығын, шомылушылар мен қызметкерлердің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажет, бассейн суы рұқсат етілген жуу-тазалау және залалсыздандыру құралдары қолданылып, уақытылы залалсыздандырылуы тиіс.

Күн тәртібі балалардың жас ерекшелігіне байланысты құрылады. Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың гигиеналық тәрбиесі медициналық және педагогикалық қызметкерлерімен өткізіледі. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы санитарлық-ағарту жұмыстарынан және салауатты өмір сүру насихатынан құрылады және келесіні бағыттайды:

   1) улы саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жидектер мен улану жағдайларының алдын алу;

   2) балалар жарақатының алдын алу, қауіпсіз жағдайда бірінші көмек көрсету ережелері бойынша оқыту;

   3) темекі шегудің, спирттік ішімдіктің, нашақорлықты пайдаланудың зияндығы туралы түсіндіру;

   4) жеке бас гигиенасын сақтау, тері-мерез, ЖИТС ауруларының алдын алу сияқты тақырыптарды ұйымдастыру.

Қазақ «Ас – адамның арқауы» дейді. Расында да, дұрыс тамақтану әрі ас дайындаудағы тазалықты сақтау – адам денсаулығының кепілі. Әсіресе, жазғы мезгілде балалардың демалыс орындарында тазалық сақтау міндетті.
Жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық- техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығын қадағалау қажет. Бұл жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алады. Балаларды
сапалы және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасалынуы тиіс.      

Лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары мен алдын ала медициналық тексеруден өтуі де  бақылауда ұсталуы қажет.

Ескертеміз!

Инфекциялық және жаппай уланудың пайда болуын және таралуының алдын алу мақсатында майонез қосылған күрделі салат өнімдерін тамақ рационында болмауын қадағалау қажет. Жазғы сауықтыру мекемелерінде балалардың сапалы ауыз сумен қамтылуына, медициналық    қызмет  көрсетілуіне, балалардың толық құнды, құнарлы тамақтануына мекеме басшылары және лагерь жетекшілері жауапкершілікпен қарап, аса мән беруі керек.

 

 

Шымкент қаласының

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

балалар және білім беру объектілерін

санитариялық-гигиеналық қадағалау

бөлімінің жетекші маманы

Ш. Ибрагимова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.