Бар жақсылық – балаларға

Среда, 22 Май 2019 04:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2779 раз

Шымкенттік қайырымды жандар Арыс қаласы мен Сайрам, Төлеби аудандарындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық жасады. Жомарт жерлестеріміз балғындарға дастархан жайып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Аты-жөндерін атамауды өтінген қайырымды кісілер қасиетті Рамазан айында тағдыр тәлкегіне ұшыраған балақайлардың көңілінен шығуға тырысты.

Жалпы саны 220-дан астам жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған қамкөңіл балалардың көздері бұл күні қуаныштан бал-бұл жанды. «Көксәйек» арнайы мектебінің тәрбиеленушісі Ислам Әбдіхалық осындай тамаша күн ұйымдастырушыларға алғыс айтты. «Елімізде бейбітшілік, тыныштық болсын!» - деді Ислам.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.