Мегаполистер медициналық орталықтарға айналады Избранное

Пятница, 24 Май 2019 04:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 243 раз

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалар жоғары технологиялы медициналық орталықтарға айналуы тиіс

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбеде өткен халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

qasa

Мемлекет басшысы «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядағы баяндамасында ұлт денсаулығы мемлекетіміздің басты байлығы екенін айтты.

Елімізде медициналық-демографиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын атап өтіп, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының саны 2 миллион адамға, азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға өскенін айтты.

– Инфрақұрылым айтарлықтай жаңарды. 219 жаңа аурухана, 1200-ге жуық жаңа заманауи емхана мен амбулаториялық мекемелер салынды. Біз Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгіздік. Бүгінде республикалық клиникалар бұрын тек шетелде ғана жасалатын күрделі операцияларды жасайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, медициналық қызмет пен дәрі-дәрмектердің сапасын жақсарту және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету, отандық медицина ғылымын дамыту, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жөніндегі шараларға тоқталды.

– Алғашқы жәрдем адамдарға барынша жақын болуы тиіс. Сапалы медициналық қызмет азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан бәріне бірдей қолжетімді болуы керек.

Сонымен қатар, алдағы уақытта қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне және алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемге бөлінетін қаржыны, осы салаға жұмсалатын қаражаттың жалпы көлемінің 60 пайызына дейін арттыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

1536635491  f282ec9fc2b906955c2b590e3996d8fa

– Биылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің, соның ішінде дәрігерлердің еңбекақысы жекелеген категориялар бойынша 30 пайызға артады. Маман даярлау сапасы бойынша медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерге талапты күшейту қажет.

Мұнда теориялық база ғана емес, сондай-ақ, тәжірибелік дағдыға машықтану да маңызды. Сондықтан, өңірлік емханалардың бір бөлігін медициналық жоғары оқу орындарына беру керек.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалар жоғары технологиялы медициналық орталықтарға айналуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы конференцияға қатысушыларға табыс және жемісті пікірталас тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.