«Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент филиалына жаңа директор тағайындалды

Пятница, 24 Май 2019 09:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5793 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрайымының бұйрығымен Шымкент қалалық филиалдың директоры қызметіне Исабеков Данабек тағайындалды.

 

Исабеков Данабек Ержанұлы 1983 жылы дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған, бұған қоса Аймақтық Əлеуметтік Инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

TSON

 

Еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің жетекші заң кеңесшісі қызметінен бастаған. 2006 жылы Салық комитетінде қызметін жалғастырады. 2007 жылдан бастап кәсіпкерлік секторында істеді. 2009-2014 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ОҚО бойынша филиалы директорының орынбасары болды.

 

2014-2016 жылдар аралығында ОҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» директоры қызметін атқарған. 2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» ОҚО бойынша филиалы «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің директоры болған. 2018 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеп келді.

 

Данабек Ержанұлы «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Азаматтарға арналған үкіметтің құрметті қызметкері», ОҚО әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және өзге де медальдар мен төсбелгілер иесі. Отбасылы, 4 қыз тәрбиелеп отыр.

Последнее изменение Пятница, 24 Май 2019 09:23
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.