ХҚО филиалдары – жаңа мекенжайда

Вторник, 28 Май 2019 10:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1926 раз

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!

 

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының бірқатар фронт-офистері жаңа ғимараттарға көшті.

 

 

Атап айтқанда Шымкент қалалық филиалдың көші-қон бойынша ХҚО азаматтарды Ғ.Орманов көшесі, 26-ғимаратта қабылдайды.

 

 

Ал С.Бәйтереков көшесі, 89-ғимаратта болып келген Әл-Фараби ауданының №7 фронт-офисі Мәдәлі қожа көшесі, 1/16 мекенжайына көшті. Мұнда мемлекеттік қызметтерді сапалы қамтамасыз ету үшін барлық жағдай қарастырылған. Қолайлы автотұрақ та бар.

 

 

Екі фронт-офис те дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

 

 

Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент қаласында 10 фронт-офис жұмыс істейді, оның ішінде мамандандырылған және көші қон ХҚО бар.

Последнее изменение Вторник, 28 Май 2019 10:27
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.